Мереке • Бүгін, 08:00

Серіктестік сұлуларына ілтипат

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аналар мен арулар мейрамында ұжымдағы қыз-келіншектерді құттықтауды «Қазақ газеттері» серіктестігі әдеттегідей «Ege­men Qazaqstan» ғима­ратында ұйым­дас­тырды. Осындағы «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда» газетінің ерлері ару әріптестерінің қолына гүл ұстатып, жырдан шашу шашып, ән салып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Серіктестік сұлуларына ілтипат

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Әуелгі амандықтан соң, ақын Жүрсін Ерманның «Әйелге ода» жырын әр журналист екі жолдан айтып, бір-бірінен іліп әкетіп оқығанда, өлең құл­пырып шыға келді. «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабек­ұлы әріптес аруларды мереке­сі­мен құттықтады. «Бұл мере­ке­ні аналар мен арулар мейрамы деп айтқанды құп көремін. Мерекенің сыр-сипаты осы сөзге сияды деп ойлаймын. Біз айналамызға, әсіресе әйелдер қауымына, аналарымыз бен апа-қарындас, жеңгелеріміз­ге асқан ілтипатпен қараған са­йын әлем де құлпыра түседі. Сіз­­дер­дің отбасындағы еңбек­те­ріңіз бен жауапкершілік­те­рі­ңіз­дің өзі жеңіл емес. Ал қалам ұстаған журналистика мамандығын тізгіндегенде, бұл жауапкершілік еселене тү­сері белгілі. Сондықтан күш-­қуаттарыңыз арта берсін. Ана­лар мен арулар мейрамы құт­ты болсын!», деді серіктестік басшысы. Қаптал сөйлеген бас директордың орынбасарлары Виктор Пряников пен Қамбар Ахмет те осы мәнде үн қатып, қысқа қайырды.

«Казахстанская правда» газетінің бас редакторы Сәбит Малдыбаев әжептәуір ән салатынын басылым оқырман­дары білмейтін шығар. Қалам ұстағандардың бір қасиеті ар­тық шығатыны бар. Бұрын гитармен ән шырқайтын Сәбең осы жолы эстрада жанрын­да әуелетті. «Egemen Qazaqstan» газеті интернет бөлімінің тілшілері Абзал Мақаш пен Шыңғыс Мұқаев салған жерден дуэтпен бастап еді, топтасқан қыз-келіншектер «жұп болсынға» басты. Шәмшінің «Әнім сен едің» туындысын аяқтаған екеу «Сен сұлуға» салғанда әйелдер қауымы қосыла шырқады. Қос редакциядағы ақын жігіт­тер қазақ, орыс тілдерінде өлең оқып тамашаға қалдыр­ды. Мерекелік салтанатты кештің соңы көпшілік биге ұласты. 

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30