Әлем • Бүгін, 16:22

Иранға жасалған соққы салдарынан ЮНЕСКО тізіміне енген тарихи нысан зақымданды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранға жасалған соққы салдарынан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысаны зақымданды. Бұл туралы Иранның мәдени мұра министрі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Иранға жасалған соққы салдарынан ЮНЕСКО тізіміне енген тарихи нысан зақымданды

Иранның Мәдени мұра министрлігінің мәліметінше, 2013 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Тегерандағы Гүлстан сарайы әуе соққыларынан кейінгі жарылыс бөлшектерінің әсерінен ішінара бүлінген. Бұған дейін айнамен көмкерілген тақ залы мен музей экспонаттары сақтау бөліміне көшіріліп үлгерген.

Трамп: Иранға қарсы соққылардың «үлкен толқыны» әлі алда

Гүлстан сарайы – Тегеран қаласындағы ең көне сәулет кешендерінің бірі. Ол 1779 жылы билікке келіп, Тегеранды астана еткен Қаджарлар әулетінің резиденциясы болған. Сарай атауы парсы тілінен аударғанда «Раушан сарайы» деген мағынаны білдіреді.

Иран неге америкалық және израильдік ұшақтарды атып түсіре алмайды?

Соңғы жаңалықтар