Оқиға • Бүгін, 15:31

Щучинсктегі қайғылы жағдай: Дәмхананың иесі қамауға алынды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Щучинск қаласындағы «Палау орталығы» дәмханасының иесі қамауға алынды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Щучинсктегі қайғылы жағдай: Дәмхананың иесі қамауға алынды

Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Аталған нысанда болған өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша жүргізіліп жатыр.

Ведомство мәліметінше, істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. 2026 жылғы 2 наурызда Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес дәмхана иесі ұсталған. 

Щучинсктегі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңге беріледі

Тергеу барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді.

Еске салайық, 27 ақпанға қараған түні Ақмола облысының Щучинск қаласында тұрғын үй ғимаратында орналасқан дәмханада газ жарылысы болған. Оқиға салдарынан сегіз адам көз жұмып, тағы жеті адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар