Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде автосервис ғимаратында қою түтін мен ашық жану байқалды.
«Өрт сөндіру қондырғылары дереу іске қосылды, өртті толық сөндіру үшін барлық шаралар қабылдануда. Су үздіксіз жеткізіліп жатыр», делінген ТЖМ хабарламасында..
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында оттың жақын орналасқан ғимараттарға таралу қаупі жойылды.
Қазіргі уақытта ТЖМ күштерімен өрт 120 шаршы метр алаңда толықтай сөндірілді.