Аймақтар • Кеше

Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түсқайта Атырау қаласында шаңды дауыл көтерілді. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шаңды дауыл Каспий теңізінің таяз түбінен соқты, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр

Ал «Қазгидромет» РМК өңірлік филилалының дерегіне қарағанда, Каспий теңізі бағытынан соққан желдің жылдамдығы секундына 10-13 метрге жеткен.

«Ауа мониторингі станцияларында рұқсат етілген нормалардан асу дерегі байқалмайды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мәліметтеріне сәйкес өңір аумағында өрт тіркелген жоқ. Атырау облысы бойынша экология департаменті шаңды дауыл кезінде қажеттілік болмаса, үйден шықпауды ұсынады. Аталған департамент мамандары атмосфералық ауаның сапасына тұрақты түрде мониторинг жұмысын жүргізуді қолға алды», деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

41 градус аяз: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Соңғы жаңалықтар