Пайдаланушы жүйеге кез келген сұрақ қоя алады. Мәселен «Кеше жиналыста баға стратегиясы бойынша қандай шешім қабылданды?» немесе «Дизайнерлермен сөйлескен кезде қараған графикті тауып бер» деген сұраныстарға жасанды интеллект экран тарихын талдай отырып нақты жауап ұсынады. Бұл әсіресе онлайн кездесулер көбейген, құжат айналымы күрделенген қазіргі жұмыс форматында уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
Көп жағдайда қызметкерлер файлдарды іздеуге, жиналыс барысында айтылған ойларды қайта еске түсіруге немесе бұрын қаралған материалдарды табуға едәуір уақыт жоғалтады екен. Ал визуалды жад технологиясы осы үдерісті автоматтандырып, ақпаратты есте сақтау міндетін адамның өзінен гөрі жүйенің мойнына жүктейді.
Қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударылған. Барлық деректі өңдеу құрылғының өз ішінде жүзеге асады, яғни ақпарат бұлт серверлеріне жіберілмейді. Бұл пайдаланушы деректерінің құпиялығын сақтауға мүмкіндік береді.