Үкімет • Бүгін, 07:33

Тасқынға қарсы қамданыс

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапары барысында Қарағанды облысы өңірінің су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Сондай-ақ су басу қаупі бар Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет, Абай аудандарындағы негізгі гидротехникалық құрылыстар мен елді мекендердің жағдайын бағалады.

Тасқынға қарсы қамданыс

Сурет: primeminister.kz

Вице-премьер Нұра өзенінің арнасы бойындағы Көкпекті, Байқадам, Петровка, Сарытөбе, Ботақара, Шешенқара ауыл­дарын, сондай-ақ «Байқадам», «Миньковская» су бөгеттерін, Ащысу су қоймасын аралады. Шерубай-Нұра өзені бойындағы Қарашоқы, Бесоба, Ақсу-Аюлы, Қайрақты, Нұраталды, Ақсу, Шопа елді мекендері тексерілді. Сонымен қатар Красная Поляна ауылындағы қорғаныс бөгеттірінің жай-күйі қаралды.

Абай ауданында Южный, Құлаайғыр және Тасзаемка ауылдары, сондай-ақ «Шерубай-Нұра» мен «Жартас» су қоймаларының жағдайы зерделенді. Бұдан бөлек, Қанат Бозымбаев Самарқанд су қоймасы гидроторабының жұмысымен танысып, Чкалов ауылындағы қорғаныс бөгеттерін тексерді.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәлі­метінше, өңірде негізгі су тасқынына қарсы іс-шаралар аяқталған. Қазір жұмыстар Теміртау қаласында жалғасып жатыр. 25 шақырым қорғаныс дамбалары мен бөгеттер салынып, нығайтылды, өзен арналарының 28 шақырымнан астам су тасқыны қаупі бар учаскелеріне санация жүргізілді, 21 шақырым дренаж бен су бұру жүйелері тазартылды. 54 автожол учаскесінде су өткізу қабілеті арттырылды, төрт гидротехникалық нысанға жөндеу жүргізілді.

Жергілікті атқарушы органдар материалдық-техникалық және қар­жы­лық резервтерді қалыптастырды. Шамамен 1 млн 200 мың текше метр қар шығарылды. Облыстың 7 ауданы мен 4 қаласында су басу қаупі бар 139 елді мекен, сондай-ақ автомобиль мен теміржолдардың 130 қауіпті учаскесі ерекше бақылауға алынған. 217 су шаруашылығы нысаны тұрақты мониторингте тұр. Қазір өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты. Негізгі су қоймалары штаттық режімде жұмыс істеп тұр. Самарқанд пен Ынтымақ су қоймаларынан санитарлық су жіберу жүргізіліп жатыр. Көктемгі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуы кезін­де құтқару мен өзге де жұмыстарды ұйымдастыруға дайындық мақсатында «Көктем-2026» республикалық кома­н­далық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық деңгейдегі хабарландыру жүйесінің дайындығын тексерді.

1 наурыздан бастап төтенше жағ­дайлардың алдын алу мақсатында азамат­тық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің барлық күштері мен құралдары жоғары дайындық режіміне көшіріледі. Жауап беру шараларына 3 579 адам және 1 047 техника бірлігі жұмылдырылған. 

Соңғы жаңалықтар

Табиғат сынағына тосқауыл

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Келелі кеңес келешегі

Пікір • Бүгін, 08:58

Сот төрелігіне сенім артып келеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55