Саясат • Бүгін, 07:30

Конституция жобасының негізгі ережелерінен хабардар етті

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропа Одағының Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы Алешка Симкичпен кездесті. Палата спикері дипломатқа Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформа туралы айтып берді. Сондай-ақ кездесуде ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту мәселелері талқыланды.

Конституция жобасының негізгі ережелерінен хабардар етті

Мәулен Әшімбаев өз сөзінде конституциялық реформа Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістердің дәйекті жалғасы екенін айтып, осы бағыттағы маңызды міндеттерге тоқталды. Ол бұл іргелі жаңғырту әділеттілік, заң үстемдігі және биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігі сияқты қағидаттарға негізделгенін атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 15 наурыз­да жаңа Конституцияға байланыс­ты респуб­ликалық референдум өтеді. Консти­туциялық реформаның мәні күшті Пар­ламенті бар президенттік республикаға көшу, азаматтардың құ­қықтарын қамтамасыз ету жүйесін ны­ғайту және саяси жүйені демократия­ландыру екенін атап өткен жөн. Жаңа Ата Заң – Әділетті Қазақстан идеясын іске асыруға, тиімді мемлекеттік жүйе құру­ға және ұзақмерзімді тұрақтылық­ты қамтамасыз етуге қажетті құқықтық негіз қалыптастыратын тарихи құжат», деді М.Әшімбаев.

Сұхбат кезінде аталып өткендей, жаңа Конституция жобасы Әділетті Қазақстан идеясын толық іске асырудың құқықтық негізін бекіте түседі. Сондай-ақ маңызды тұжырымдамалық өзгеріс­тердің тағы бірі адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалғанын айта кеткен абзал.

Өз кезегінде ЕО Өкілдігінің басшысы біздің мемлекетте жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларға халықаралық қоғамдастық тарапынан ерекше қызығушылық байқалатынын және Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Осыған байланысты Сенат төрағасы Қазақстан мен ЕО-ның өзара сенімге негіз­делген серіктестігіне назар аударып, бұл ретте екіжақты диалогтің белсен­ді ди­на­­ми­касы маңызға ие екенін айтты. Мәу­лен Әшімбаев Еуропа­лық Кеңес Пре­зи­ден­ті Антониу Кошта­ның Қазақ­стан мен Еуропа Одағы арасын­дағы серік­тес­тікті ны­ғай­туға қосқан үле­сін тілге тиек ете келе, оны ел Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев был­тыр желтоқ­санда I дә­режелі «Дос­тық» орденімен марапат­тағанын атап өтті.

Сенат төрағасы парламентаралық бай­ланыстарды сапалы жаңа деңгей­­ге көтеру Қазақстан-Еуропа ынтымақ­тас­ты­ғын нығайту жолындағы маңызды қадам­дардың бірі екеніне де назар аударды.

Кездесу барысында сауда-экономи­калық байланыстарды кеңейту, көлік-логистика, экологиялық таза энергетика, цифрлық технологиялар, су ресурстарын басқару, білім және ғылым салаларындағы ынтымақ­тас­тықты нығайту мәселелері де талқыланды. 

Соңғы жаңалықтар

Табиғат сынағына тосқауыл

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Келелі кеңес келешегі

Пікір • Бүгін, 08:58

Сот төрелігіне сенім артып келеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55