Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:32

Астанада үлескерлерді алдаған тұрғын үй кешендеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының прокуратурасы «Оазис», «R-Club» және «R-ClubDeluxe» тұрғын үй кешендерінің үлестік құрылысы бойынша қылмыстық істер сотқа жолданғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада үлескерлерді алдаған тұрғын үй кешендеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астана қаласының прокуратурасы азаматтардың қаражатын үлестік құрылысқа заңсыз тарту дерегі бойынша қылмыстық істерді тергеп-тексеруді аяқтады.

Заңсыздық салдарынан 426-дан астам отбасы 8,2 млрд теңге көлемінде залал шеккен. 

Астанада үлескерлер үш жылдан бері үйлерін ала алмай

«Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар заңнама талаптарын бұза отырып «Оазис», «R-Club» және «R-ClubDeluxe» тұрғын үй кешендерін салу үшін азаматтардың ақшалай қаражатын тиісті рұқсаттар алмай тартқаны анықталды. Сондай-ақ үлескерлердің ақшасы көзделген мақсатта пайдаланылмай, ал объектілердің құрылысы тиісті түрде жүргізілмеген», делінген Астана қаласының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қамтамасыз ету мақсатында, соттың санкциясымен күдіктілердің 10 пәтер, 36 жер учаскесі, 16 тұрғын емес үй-жайы мен 49 көлігін пайдалануға тыйым салынған.

Сүйіндік Алдашев: Жаңа құжат үлескер құқын қорғайды

Ал аталған іске күдікті 12 тұлғаға қатысты «Күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.


 

Соңғы жаңалықтар