Қысқы спорт • Бүгін, 12:22

Михаил Шайдоров «Милан-2026» Олимпиада жұлдыздарының шоуына қатыспайтын болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 5 сәуір 17:00-де «Милан-2026» Олимпиада жұлдыздарының шоуы өтеді. Іс-шара ұйымдастырушылары шоуға белгілі себептерге байланысты Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров қатыса алмайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Михаил Шайдоров «Милан-2026» Олимпиада жұлдыздарының шоуына қатыспайтын болды

Фото: ҰОК

«Біз Михаилға кәсіби ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз және оған спорттық мансабында толағай табыстар тілейміз», делінген хабарламада.

Аталған жоба тек ауқымды мұз шоуын ұйымдастыруды ғана емес, сонымен қатар мәнерлеп сырғанауды қолдау мен дамытуға, олимпиадалық құндылықтарды насихаттауға және жас буын спортшыларын шабыттандыру мақсатында ұйымдастырылмақ. 

Шоу бағдарламасында Софья Самоделкина, Ника Эгадзе, Александр Селевко, Лука Берулава және Анастасия Метёлкина, Никита Рахманин және Карина Акопова, Глеб Смолкин және Диана Дэвис, Анастасия Губанова, Нина Петрикина өнер көрсетеді.

Михаил Шайдоров: Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін

Айта кетейік, Михаил Шайдоров 25 ақпан түні елге оралып, чемпионды Астана халықаралық әуежайында жанкүйерлері зор ықыласпен қарсы алды.

Сондай-ақ Михаил Шайдоровты күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада қабылдап, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар