Мәселен, 57 кг салмақта Ұлжан Сәрсенбек пен Айдана Забынбекова кездесіп, бұл тартыс Ұлжанның пайдасына шешілді. Алыптардың айқасы ағайынды Нұрлан мен Даниял Сапарбай арасында өтуге тиіс еді. Алайда інісі ағасына жол беріп, Нұрлан келесі айналымға шықты.
Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді
Ал өзге бәсекелер мынадай нәтижелермен аяқталды: Жазира Орақбаева (51 кг) – Феруза Казакова (Өзбекстан) 0:5, Римма Волосенко (60 кг) – Алиша Крокетт (АҚШ) 5:0, Виктория Графеева (60 кг) – Гизем Озер (Түркия) 4:1 және Лаура Есенкелді (65 кг) – Мари-Анхелис Росендо (АҚШ) 5:0. Сондай-ақ, Навбахор Хамидованың (Өзбекстан) жекпе-жекке шығудан бас тартуына байланысты Аружан Жаңабаева (65 кг) келесі кезеңге өтті.
Еске сала кетейік, «Странджа кубогінің» үшінші жарыс күні Қазақстанның 7 боксшысы өз өнерлерін ортаға салды.