Аймақтар • Кеше

Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банктің Ұлытау облысындағы филиалы жұмысын 2022 жылы қыркүйекте бастады. Филиал валютаны реттеу мен бақылау, айырбастау операцияларын лицензиялау, валюта келісімшарттарын тіркеу, сондай-ақ өңірде ақша-кредит саясатын жүргізу қызметтерін атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды

Жақында Жезқазған қаласында  Ұлттық банктің Ұлытау облысындағы филиалы ғимаратының ресми ашылуы өтті. Салтанатты іс-шараға Ұлттық банк Төрағасы Тимур Сүлейменов пен Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қатысты.

Ғимарат штат санына қарай 60 қызметкерге есептелген. Мұнда арнайы сақтау қоймасы, касса қызметін көрсету аймақтары, жұмыс процесі мен қоғамдық іс-шаралар үшін арнайы орындар қарастырылған. Қолжетімді орта қағидатын іске асыру аясында қозғалысы қиын азаматтарға да жағдай жасалған.

Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды

Жаңа ғимаратта музей ашу жоспарда бар, онда ҚРҰБ банкноталары мен монеталарынан тұратын коллекция қойылып, өңірдің қаржы жүйесінің даму тарихын баяндайтын арнайы экспозиция болады.

Ұлытау облысында инвестициялық жобалар талқыланды

Соңғы жаңалықтар