Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК
Жарыс жолына Қазақстан командасы сапынан Дінмұхаммед Райымқұл, Роман Иванов, Шерзод Хаширбаев және Асан Асылхан шықты. Отандастарымыздың іріктеудегі ұпайы мен нәтижесі келесідей:
- Роман Иванов 105.75 балл (13-орын);
- Шерзод Хаширбаев 98.67 балл (16-орын);
- Асылхан Асан 93.21. балл (18-орын);
- Дінмұхаммед Райымқұл 90.50 балл (19-орын).
Жалпы іріктеу сынына 25 спортшы қатысты.
Айта кетейік, финалға алғашқы іріктеуде үздік шыққан 6 спортшы мен екінші кезеңде көп ұпай жинаған тағы 6 фристайл шебері жолдама алды. Алғашқы финал бүгін Астана уақытымен сағат 17:30-да басталады.
Енді ертең аралас командалық сайыста (микст) ел командасы сынға түседі. Әр құрама сапында 2 ер, 1 әйел фристайл шебері болады.
Олимпиада-2026: Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан үздік ондыққа кірді
Қысқы Олимпиадада Қазақстан қоржынында 1 алтын медаль бар. Тарихи жеңісті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров сыйлады.