Кестеге сәйкес биыл ораза 29 күнге созылады.
Мұсылман хакімдері адамның органикалық асқазаны секілді, рухани асқазаны да бар екенін түсіндіреді. Рамазан тән тоятынынан уақытша тыйғанымен, адамның жанын «семіртетін» қасиетті ай екенін жеткізеді. Бұл уақытта ауыз бекіткен, сондай-ақ белгілі себептермен бекіте алмаған Мұхаммед үмбеті жаман істерден тыйылып, өзін-өзі тазартуға, кемелдендіруге тырысу қажет.
Айта кетейік, діни басқарманың бекітуімен биылғы жылдың пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 735 теңгені құрады.