Фото: Ашық дереккөз
Жаңа жинақ депозитінің басты ерекшелігі – қаражатты мерзімінен бұрын алуға болмайды.
Жаңа депозиттің шарттары төмендегідей:
- Депозит мерзімі – 3 ай, автоматты түрде ұзартылады;
- Мерзім аяқталғанға дейін ақша шешіп алуға болмайды;
- Қаражатты тек ұзарту күні келгенде ғана алуға болады. Егер сол күнді өткізіп алсаңыз, депозит тағы 3 айға автоматты түрде ұзартылады.
- Шоттағы ең төменгі қалдық – 100 000 теңге.
Бұл талаптар клиенттер үшін қаржылық тәртіпті күшейтсе, банк үшін тұрақты өтімділік қорын қамтамасыз етеді.
«Отбасы банк» салымшыларына мемлекеттік сыйлықақы 1 наурызда аударылады
Экожүйеден тыс аударымдар қымбаттады
Kaspi.kz клиенттерді өз жүйесі ішінде қалдыруға мүдделі. Енді тегін аударымдар тек Kaspi.kz ішіндегі шоттар арасында жүзеге асады. Ал өзге банктерге аударым – соманың 0,95%-ы, ең төменгі комиссия 200 теңге болады. Халықаралық аударымдарға да шектеу қойылды: бір операцияға 2 500 доллардан, айына 10 000 доллардан асыруға болмайды. Ал жалақы жобалары, іссапар және ГПХ-шоттар үшін комиссия 149 теңгені құрайды. Осылайша, қаражатты экожүйе ішінде сақтау және пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімді бола түсті.
Таза пайда 7%-ға өсті: Өсім бойынша қай банк көш бастап тұр?