Комитет мәліметінше, тексеру аясында медициналық ұйымның қызметіне аудит жүргізіліп, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдармен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі жан-жақты зерделенеді. Ведомство өкілдері аталған жағдай комитет басшылығының жеке бақылауында екенін атап өтті.
Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта Рудный қалалық көпбейінді ауруханасы бөлімшелері халыққа медициналық көмек көрсету үшін қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген.
Тексеру нәтижесі бойынша халыққа сапалы әрі уақтылы медициналық көмек көрсету мақсатында Комитет тиісті шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.