Президент • Бүгін, 10:02

Мемлекет басшысы Вьетнам халқын Тет мерекесімен құттықтады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесінің Жаңа жылы – Тет мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Вьетнам халқын Тет мерекесімен құттықтады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес ретінде қарастырып, өзара достық пен түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге айрықша мән беретінін жазған.

Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Сонымен қатар ортақ күш-жігер жұмылдыру арқылы сан қырлы ықпалдастықты жаңа белеске көтеруге ниетті екенін жеткізген.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның аса жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

Соңғы жаңалықтар