Референдум • Кеше

«Ауыл» партиясы Абай облыстық филиалы алдағы референдумды қолдайтынын білдірді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылғы 16 ақпанда Абай облысында «Ауыл» партиясы өңірлік филиалының төрағасы Қайрат Смағұловтың басшылығымен Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ауыл» партиясы Абай облыстық филиалы алдағы референдумды қолдайтынын білдірді

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – жаңа Конституция бойынша алдағы референдумның маңызын талқылау болды. Жиында референдумның қоғам үшін мәні, азаматтардың қатысуының рөлі және оның елдің одан әрі тұрақты дамуына ықпалы жан-жақты сараланды.

Кеңейтілген отырысқа «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Ғалымжан Құсманғали және Саяси кеңес мүшелері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес отырыс барысында саяси реформаның негізгі бағыттары бойынша пікірталастар өткізілді, спикерлер өз ұстанымдарын таныстырды.

Референдум әлемдік БАҚ назарында

«Ауыл» партиясы өңірлік филиалының Саяси Кеңесі мүшесі Төлеухан Нұрмағамбетов жаңа Конституция бойынша алдағы референдум – қоғамның пікірін білдірудің шешуші кезеңі екенін атап өтті. Ол азаматтардың белсенді қатысуы және өз ой-пікірін ашық білдіру маңызды екенін ерекше атап өтті.

Саясаттанушы Еламан Елемес алдағы референдум жаңа Конституцияның негізгі принциптерін бекітуге және қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара екенін атап өтті.

Референдумның күнтізбелік жоспары бекітілді: Дауыс беру 15 наурызда өтеді

Бұл кездесу тек партияішілік талқылау алаңы ғана емес, жаңа Конституция бойынша алдағы референдумды қолдау және елдің тұрақты дамуына бағытталған ортақ пікір қалыптастыру алаңы болды.

Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда қанша адам дауыс бере алады?

Соңғы жаңалықтар