Фото: t.me/referendum2026kz
Облыс орталығындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде өңір жұртшылығымен кездесу өтті. Іс-шараға мәслихат депутаттары, ардагерлер, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері, өңірдегі кәсіпорындардың, сондай-ақ медицина және білім беру салаларының қызметкерлері қатысты. Жиында жалпы саны 500-ге жуық адам бас қосты.
Кездесу қорытындысында Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституция қоғам сұранысына толық жауап береді және Тәуелсіз Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етеді деп мәлімдеді.

Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты
Сондықтан олар Жаңа Конституцияны толық қолдайтындарын жеткізді. Өңір тұрғындары 15 наурыз күні сайлау учаскелеріне келіп, Жаңа Конституция қабылдау, яғни Қуатты, Әділетті және Прогрессивті Қазақстанды құру жолында өз таңдауын жасауға бекініп отыр.
Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті