Жәбірленуші байланыс орнатудан қашып, абоненттік нөмірлерін бұғаттап тастағанына қарамастан сталкер оның тұрғылықты мекенжайына, жұмыс орнына көлігімен жиі барғыштап, шығуын талап еткен. Жәбірленуші сот отырысында өзін 2022 жылдан бері жүйелі түрде аңдып келе жатқан адамның кесірінен қалада емін-еркін жүре алмай, басқа үйге көшуге мәжбүр болғанын көрсетіпті.
Петропавлда сталкинг туралы жаңа бап негізінде алғашқы сот үкімі шықты
Сот бойжеткеннің тыныштығын бұзған жігітті Қылмыстық Кодекстің 115-бабының 1-тармағымен 25 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындап, жәбірленушінің пайдасына 500 мың теңге моральдық зиян өндірді.