Фото: olympic.kz
16 ақпан жүлдеге таласатын спортшылар:
14:00-де тау шаңғысының слалом түрі бойынша ерлер арасындағы бәсекеде Ростислав Хохлов бақ сынайды.
Шорт-тректен 500 метр қашықтықта Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша сынға түседі. Бұл бәсеке Қазақстан уақытымен 15:18-де басталады.
23:00-де шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер арасындағы командалық сайыс өтеді. Аталған жарыста Илья Мизерных пен Данил Васильев ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, төртжылдықтың басты додасында мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров алтын медель иеленіп, Қазақстан әзірге жалпы есепте 17-ші орында тұр.
ХХV қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты.