Олимпиада • Бүгін, 17:36

Олимпиада-2026: Биатлоншы Владислав Киреев із кесу жарысында сынға түсті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасында із кесу жарысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Олимпиада-2026: Биатлоншы Владислав Киреев із кесу жарысында сынға түсті

Спринт қорытындысы бойынша із кесу жарысына Владислав Киреев жолдама алған еді. Ол 51-нөмірмен, көшбасшыдан 2 минут 49 секунд айырмашылығымен жарыс жолына шықты.

Төрт ату айлағы бар жарыста Киреев төрт рет мүлт кетіп, көшбасшыдан төрт минуттан астам уақытқа артта қалып, 42-орында мәре сызығын кесті.

Швециялық Мартин Пансилуома жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды норвегиялық биатлоншы Стурла Холм Легрейд иеленсе, үздік үштікті франциялық Эмильен Жаклен түйіндеді.

Соңғы жаңалықтар