YK-news.kz мәліметінше, 2026 жылғы 16 ақпанда қаладағы барлық мектеп оқушылары үйден оқиды.
«Ертең 0-11 сынып оқушыларының екі ауысымы да қашықтан оқиды. Мұндай шешім екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың сақталуына байланысты қабылданды», делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, ауа инверсиясы) жиынтығы.