Қысқы спорт • Бүгін, 09:19

Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Бүгін төртжылдықтың басты бәсекесінде жерлестеріміз спорттың 4 түрі бойынша жүлдеге таласады, деп жазады Egemen.kz.

Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Фото: olympic.kz

Бүгін жүлдеге таласатын ел спортшылары: 

Әйелдер арасындағы тау шыңғысы сынының супергигант түрі бойынша Александра Скороходова бәсекеге түседі. Бұл сайыс Қазақстан уақытымен 15:30-да басталады

Ерлер арасында фристайл-могулдың финалдық сайысында Павел Колмаков жүлдеге таласады. Аталған жарыс 16:15-те тікелей эфирде ұсынылады. 

Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды

Шаңғы жарысындағы жекелей сайыста ел құрамасы өнер көрсетеді. Құрама сапында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко бар. Шаңғы шеберлері жарыс жолына 17:00-де шығады.

5000 метр қашықтықта конькимен жүгіруден Надежда Морозова бақ сынайды. Бұл бәсеке 20:30-да басталады. 

Соңғы жаңалықтар