Фото: instagram.com/volonterypetropavl
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, марқұмның мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Қазіргі таңда өлімнің нақты себебін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалып, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу амалдары басталған.
Айта кетейік, Ролан Зуев қаңтар айының ортасында үйінен шығып кеткеннен кейін туыстарымен байланысқа шықпаған. Оның жоғалғаны жөнінде полицияға әпкесі хабарлап, содан бері жас жігітті іздестіру жұмыстары басталып кеткен еді.