Ата заң • 02 Ақпан, 2026

Алматы облысының активі жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысында еліміздің жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған облыс активінің отырысы өтті. Өңір активі жаңа Ата заң қабылданған жағдайда биліктің халық алдындағы жауапкершілігі күшейіп, елдің саяси жүйесі толық жаңаратынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz

Алматы облысының активі жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

«Конституциялық реформа аясындағы өзгерістер қоғам мен заман талабына сай саяси жүйені жаңартуға бағытталған: мемлекеттік басқару ашық бола түседі, шешім қабылдау сапасы артады, азаматтардың мемлекетке деген сенімі нығаяды. Сонымен қатар әділеттілік, заң үстемдігі, бірлік пен келісім, егемендік пен аумақтық тұтастық, табиғатқа жауапкершілікпен қарау қағидаттары конституциялық деңгейде бекітіледі. Ең бастысы – бұл өзгерістерді халықтың өзі қабылдайды. Конституцияның жаңа редакциясы жалпыхалықтық референдум арқылы бекітіліп, әрбір азаматқа саналы таңдау жасауға мүмкіндік беріледі», деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Жаңа жоба аясындағы негізгі жаңалықтардың бірі – 145 депутаттан тұратын бір палаталы Парламент, яғни Құрылтай институтын енгізу. Сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіне вице-президент институтын енгізу ұсынылып отыр.
Тараптар Конституциялық реформа аясында ұсынылған өзгерістерді халықпен кездесулерде және қоғамдық алаңдарда қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізудің маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар облыс әкімі Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамына Алматы облысынан облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев мүше екенін ерекше атап өтті.

Қазақстанның саяси партиялары Жаңа Конституцияның жобасын талқылады

Айта кетейік, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев төрағалық еткен жиынға облыстық мәслихат төрағасы, облыс әкімінің орынбасарлары, аудан және қала әкімдері, департаменттер мен басқармалардың басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ірі кәсіпорын жетекшілері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Олжас Бектенов: Конституция жобасы – Әділетті Қазақстан мен технологиялық серпілістің берік негізі

Соңғы жаңалықтар