Оқиға • 28 Қаңтар, 2026

«Соқыр болғың келе ме?»: Бойжеткенді қорқытқан әйелге 85 мың теңге айыппұл салынды

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде Семей қаласындағы тұрғын үй подъезі маңында белгісіз әйелдің бойжеткеннің соңынан аңдып, жанжал шығарған бейнежазбасы кеңінен тарады. Оқиғаның қалай болғанын және немен аяқталғанын жәбірленуші Threads желісінде айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

«Соқыр болғың келе ме?»: Бойжеткенді қорқытқан әйелге 85 мың теңге айыппұл салынды

Фото: видеодан алынған кадр

Автордың айтуынша, оқиға 25 қаңтар күні түнгі сағат 03:21 шамасында болған. Қыз жұмыстан үйіне қайтып келе жатқан кезде бейтаныс әйелді байқап, кейін оның подъезге дейін соңынан еріп келгенін аңғарған.

Жәбірленушінің сөзінше, бейтаныс әйел өзін агрессивті ұстап, соңынан қалмай, қорқытатын сөздер айтқан. Атап айтқанда, ол: «Соқыр болғың келе ме?» деп айқайлаған.

Бойжеткен 27 қаңтар күні оны қудалаған әйелге қатысты сот отырысы өткенін хабарлады. Судья айыпталушының әрекетін ұсақ бұзақылық деп танып, балағат сөздер қолданғаны үшін 85 мың теңге көлемінде айыппұл салған.

Сәтбаевта қолына пышақ ұстаған ер адам дүкен қызметкерлерін қорқытқан

Ал жәбірленуші сот шешіміне көңілі толмайтынын айтып, эмоцияға толы бейнежазба жариялады. Оның айтуынша, ол әйелге қатысты басқа көршілер де шағымданған, бірақ олардың шағымы ескерусіз қалған.

«Сот залына кіргеннен бастап ол маған қарап күліп отырды. Оның анасы менің анамды кінәлады. Бұл өте әділетсіз. Менің өмірім 85 мың теңгеге ғана бағаланды ма? Оған тек қоғамдық орында боқтық сөз айтқаны үшін айыппұл салды. Сотта ол маған жала жауып, бәрін бірінші менің бастағанымды айтты», деп қынжылды Семей тұрғыны.

Соттан кейін әйел айыппұл төлеп босатылған. Басқа шара қолданылмаған. 

Алматы әуежайында белгісіз біреу әйелді пышақпен қорқытқан

Соңғы жаңалықтар