Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026

Атырау соты өмір бойына сотталған адамның апелляциялық шағымын қанағаттандырмады

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық соты былтыр қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен өмір бойына сотталған азаматтың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Атырау соты өмір бойына сотталған адамның апелляциялық шағымын қанағаттандырмады

Фото: ашық дереккөз

Күдікті алаяқтық, зорлау және жүкті әйелді басқа қылмыстарды жасыру мақсатында аса қатыгездікпен өлтіргені, сондай-ақ ұрлық жасап, бөтеннің автокөлігін заңсыз иемденгені үшін кінәлі деп танылды. Аталған сот күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленуші тараптың пайдасына материалдық және моральдық залал өндірілді.

Яна Легкодимованың өліміне қатысты үкім: Сотталғандар апелляциялық шағым түсірді

Алайда сотталушы Д. мен оның қорғаушысы сот үкімімен келіспей, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына апелляциялық шағым түсірді. Осыған байланысты сот алқасында аталған қылмыстық іс қайта қаралды.

«Қылмыстық істі қарау кезінде сот үкімін өзгертуге немесе оның күшін жоюға негіз анықталмады. Осыған байланысты бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды», деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Өткен жылы Жамбыл облысында 1471 адам сотталған

Соңғы жаңалықтар