Фото: ашық дереккөз
Әуе компаниясы жолаушыға қаражатты толық қайтарып беруді немесе Алматы – Дананг – Алматы бағыты бойынша, жоспарланған күннен екі тәулік кейін ұшатын балама рейсті ұсынған. Жолаушыға 274 мың теңге қайтарылғанымен, ол бұл соманы жеткіліксіз деп санап, сотқа жүгінген. Талап арызында ол материалдық шығынды және сапардың бұзылуы мен күйзеліс салдарынан келген моральдық зиянды көрсеткен.
Сот отырысында туроператор өкілі компания шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанын және тасымалдауға жауапты еместігін мәлімдеді. Ал әуе компаниясының өкілі талапты мойындамай, шығын сотқа дейін-ақ өтелгенін айтты.
Вице-министр: Әуе билеттерін толық қайтару – бағаны шарықтатады
Қазыбек би аудандық соты №2 қолданыстағы заңнамаға сәйкес, рейстің тоқтатылуы мен жолаушыны уақытында жеткізбеу үшін жауапкершілік әуе тасымалдаушыға жүктелетінін атап өтті. Ал туроператор тасымалдауды жүзеге асыруға жауапты емес.
Сот овербукингке жол беріп, рейсті тоқтатқан әуе компаниясының әрекеттерін моральдық зиянды өтеуге негіз деп танып, тасымалдаушыдан 50 мың теңге өндіріп алуға шешім шығарды.
Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың қорытындыларымен келісіп, шешімді өзгеріссіз қалдырды.