Қоғам • 22 Қаңтар, 2026

Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Фото: gov.kz

Корея Республикасында заңсыз еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматтары 2026 жылғы ақпан айының соңына дейін елден айыппұл өтемей, ерікті түрде шыға алады.

Ведомствоның нақтылауынша, ерікті түрде елден шығу бағдарламасының мерзімін ұзарту жөніндегі келісімдер 2025 жылы Корея Республикасының Әділет министрлігімен жүргізілген келіссөздер барысында орнаған. Тараптар заңсыз көші-қонды азайту және Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау мәселелерін талқылаған. Қабылданған шаралар мигранттар үшін құқықтық салдарды жеңілдетуге және өз мәртебесін заңдастыруға дайын азаматтарды қолдауға бағытталған.

Бағдарламаға қатысу үшін төлқұжат, өз еркімен кету туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарлама Корея Республикасының иммиграция кеңселері арқылы ұшу күніне дейін 15-тен 3 күнге дейінгі мерзімде беріледі.

Қазақстанда 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленді

Министрлік ел азаматтарын шетелде тек заңды негізде жұмысқа орналасуға шақырады. Бұл заңсыз көші-қон, елден шығарып жіберу, айыппұлдар, құқықтық шектеулер және еңбек қанауы сияқты тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Көші-қон: биыл елімізден қанша адам көшіп кетті?

Тек ресми және тексерілген еңбек ресурстары арналарына жүгіну қажет.

АҚШ иммиграциялық визалар беруді уақытша тоқтатты: Қазақстан тізімге енді

Соңғы жаңалықтар