Ғалам ғажаптары • 22 Қаңтар, 2026

Гиза пирамидасын салған адам табылды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тарихшылар мен археологтер Ұлы Гиза пирамидасын перғауын Хуфудың өзі жобаламағанын анықтады.

Гиза пирамидасын салған адам табылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Дәстүрлі түрде құрылыс перғауын Хуфудың атымен байланыстырылғанымен, археологиялық деректер нақты басқару ісін оның жиені Хемиун атқарғанын көрсетіп отыр. Пирамиданың батыс жағындағы қорымдарды зерттеу барысында археологтер ерекше ірі мастабаны – Хемиунның тікбұрышты қабірін тапты. Қабір ішінен сол дәуірде сирек кездесетін реалистік стильде жасалған мүсін мен оның жоғары мәртебесін дәлелдейтін жазбалар табылды. Онда Хемиунның патшаның барлық құрылыс жобасының бақылаушысы болғаны жазылған. Зерттеушілердің сөзінше, бұл атақ оның ұлы пирамиданың құрылысын толық үйлестіргенін білдіреді.

 

Соңғы жаңалықтар

Апаттан құтқарған оқушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Қонақта – Асқар Алтай

Қоғам • Бүгін, 07:55

Көнеден жеткен сарын

Өнер • Бүгін, 07:50

Аю шаңғы

Жәдігер • Бүгін, 07:45

Баянсыз бақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40