Саясат • 20 Қаңтар, 2026

Жапониядағы кезектен тыс сайлау: Премьер-министр парламентті тарату туралы шешім қабылдады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити парламенттің төменгі палатасын таратып, кезектен тыс сайлауды 8 ақпанға белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жапониядағы кезектен тыс сайлау: Премьер-министр парламентті тарату туралы шешім қабылдады

Фото. ашық дереккөз

«Бұл сайлауға өзімнің премьер-министр ретіндегі болашағымды тігіп отырмын. Елді басқаруды маған сеніп тапсыра ма, соны халықтың өзі шешсін», деді үкімет басшысы Санаэ Такаити.

Айта кетейік, Санаэ Такаити Жапонияда  премьер-министр болып сайланған алғашқы әйел адам.

NHK телеарнасының мәліметінше, қазір биліктегі коалиция төменгі палатада бар болғаны бір дауыстың артықшылығымен ғана отыр. Көпшілікке ие болу үшін 233 мандат қажет, ал коалицияның қолында дәл осы 233 орын ғана бар. Яғни бір депутаттың кетуі немесе дауыс беруге қатыспауы биліктің азшылыққа айналуына әкелуі мүмкін.

Алдағы сайлауда Такаити өз ұстанымын күшейтіп, бағдарламасына қолдау алуды көздейді. Үкімет жоспары мемлекеттік шығыстарды көбейтуді, салықтық жеңілдіктер беруді және қорғаныс саласын нығайтуды қамтиды. Әлеуметтік тұрғыдан ең көп талқыланып жатқан ұсыныс – азық-түлікке салынатын 8%-дық салықты екі жылға тоқтату.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға барды.

Үкіметтің есебінше, бұл шешім бюджетке жыл сайын шамамен 5 трлн иен көлемінде кірістің кем түсуіне әкеледі. Соған қарамастан, өмір сүру құнының қымбаттауы қазір жапон қоғамындағы ең өзекті мәселе саналады. Сауалнамаларға сәйкес, халықтың жартысына жуығы ең алдымен осы проблеманы атап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді

Сайлауда премьерге қарсы біріккен оппозициялық блок қатысады. Олар азық-түлікке салынатын 8%-дық салықты уақытша тоқтатып қана қоймай, оны мүлде алып тастауды ұсынады.

Соңғы жаңалықтар