Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл элиталық және бірінші репродукциялық тұқым сатып алатын шаруашылықтар үшін субсидия қарастырылып отыр.
Биыл тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттен 3 613 901 000 теңге қарастырылған. Бұл қаржы тұқым қорын жаңартуға, өнім шығымын арттыруға және өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған.