Х.Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайының инженері Андрей Венгринюктің айтуыннша, 14 қаңтардан бері жолақта көктайғақ басталған.
«Халықаралық азаматтық авиация комитетінің (ИКАО) кодына сәйкес жолақтағы ахуал «нөлдік» деңгейде бағаланып отыр. Сол себептен, қауіпсіздік мақсатында рейстер уақытша тоқтатылды. Қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Негізгі мақсат – жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әуе кемелерін қауіпсіз қабылдау және ұшыру. Қазір әуежай қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшірілді. Атыраудан өзге қалаларға рейстерді қауіпсіз ұшуға дайындап жатыр. Жолақтағы қарды күреуге арнайы техникалар тартылды», дейді Андрей Венгринюк.
Еске салайық, бүгін Атырау әуежайында әуе рейстері жаппай кешігіп жатқанын хабарлаған едік.