Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Сондай-ақ қалада ауа температурасы -13 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр.
Жауапты мекемелер өндірістік базаларда жүргізушілер, механизаторлар мен жол саласы жұмысшыларының тәулік бойғы кезекшілігі және қар жауғанға дейін арнайы техника орналастырылатын аумақтарда 210 құм себетін көлік әзірленгенін мәлімдеді.
«Сонымен қатар алдын ала негізгі магистральдық көшелерге сұйық реагенттер себіледі. Тәулік бойы 1 030 бірлік арнайы техника, сондай-ақ жеке ұйымдардан тартылатын 200 техника мен 2 710 жол саласы жұмысшысы жұмылдырылады. Аула аумақтарын тазалауға 1 790 жұмысшы мен 256 бірлік арнайы техника тартылады. Жолдың қауіпті учаскелерінде, еңіс пен жоталарда, сондай-ақ жолайырықтарға кіріп-шығатын жолдарға көктайғақтың алдын алу және оны уақтылы жою үшін 75 жедел бригада жол жамылғысының жағдайын үздіксіз бақылайды», делінген хабарламада.
Алматыда қалың қар жауатынын бұған дейін хабарлағанбыз.