Заң • 09 Қаңтар, 2026

Түркия алаяқтық бойынша айыпталған күдіктіні Қазақстанға қайтарды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен Түркия Республикасынан бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматын елге қайтарды, деп жазады Egemen.kz.

Түркия алаяқтық бойынша айыпталған күдіктіні Қазақстанға қайтарды

Фото: видеодан алынған скрин

Күдікті 2024 жылы Қызылорда қаласында жәбірленушілерге зергерлік бұйымдарды төмен бағамен сатып алып беремін деген желеумен олардың ақшасын иемденген. Оның қылмыстық әрекетінің салдарынан 8 адам жапа шегіп, жалпы сомасы шамамен 130 млн теңгеге материалдық залал келген.

Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті ел аумағынан тыс жерге бой тасалап, оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған. Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында ол Түркия Республикасының аумағында ұсталды.

«Баспана алып беремін»: Өскеменде ірі алаяқтық дерегі тіркелді

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бұған дейін кәсіпкерді өлтіріп, мүлкін иеленген күдікті елге жеткізілгенін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20