Үйде 43 жастағы әйел мен оның 51 жастағы көңілдесі тұрып жатқан. Бұл жұп көптен бері азаматтық некеде тұратын көрінеді. Оқиғаның нақты қалай өрбігені белгісіз, онымен қазір тергеу органдары айналысуда, ал үйден бірнеше жерден пышақ жарақатын алып, жан кешкен ер адамның денесі табылған.
Әйелдің айтуына қарағанда екеуара ұрыс-жанжалдан кейін ер адам пышақты өзі алып, көңілдесіне ұмтылған. Ал әйел пышақты тартып алып, еркектің өзіне бірнеше рет ұрған.
Бұл нұсқаның шындыққа келіңкіремейтіні туралы полиция хабарлады. Қазір арнайы сараптар жасалып, кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Әзірге әйелдің бостандығы шектелген.