Спорт • 07 Маусым, 2023

Еліміздің табысты ойыншылары

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның «Transfermarkt.com» веб-сайты Қазақстанның ең құнды футболшыларының тізімін жариялады.

Еліміздің табысты ойыншылары

Бұл рейтингте Бактиер Зайнутдинов көш бастап тұр. 25 жастағы футболшының трансферлік құны 5 миллион АҚШ долларын құрайды. Қазіргі кезде ол Мәскеудің ЦСКА клубында өнер көрсетеді. Екінші орын­да – Нұрәлі Әліп. Бүгінгі таңда Санкт-Пе­тербургтің «Зениті» сапында ойнап жүрген ақтаулық қорғаушы 1,2 миллионға баға­ланып отыр. Үшінші және төртінші сатыға Александр Меркель мен Марат Быс­тров жайғасты. Алғашқысы соңғы екі маусымды Түркияның «Газиантепінде» өткізсе, екіншісі Грозныйдың «Ахматының» тасқамал қорғаушысына айналды.

Сондай-ақ бұл тізімде мына футболшылар бар: Абат Айымбетов («Астана») – 900 мың, Асхат Тағыберген («Ордабасы») – 850 мың, Георгий Жуков («Цанчжоу Майти Лайонс», Қытай) – 750 мың, Темірлан Ер­ланов («Ордабасы») – 700 мың, Артур Шу­ше­­начев («Қайрат») – 700 мың және Максим Са­мородов («Ақтөбе») – 700 мың АҚШ доллары.

 

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55