Кәсіпқой бокс • 16 Сәуір, 2023

Қарсыластарын нокаутпен жеңді

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген жерлестеріміз Мейірім Нұрсұлтанов пен Нұрсұлтан Аманжолов кезекті жекпе-жектерін Оңтүстік Кореяда өткі­зіп, қарсыластарын нокаутпен тізе бүктірді.

Қарсыластарын нокаутпен жеңді

Инчхон қаласында ұйымдастырылған бокс кешінің басты айқасында өнер көрсеткен Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 10 КО) бүгінге дейін кәсіпқой шаршы алаңда 15 кездесу өткізіп, соның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған Жапонияның мақтанышы Кадзуто Такесаконы сегізінші раундта сұлатып түсірді. Бұл жекпе-жекте орта салмақтағы WBO Inter­national тұжырымы бойынша чемпиондық атағын тағы бір мәрте сәтті қорғады.

Ал супер ауыр салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Нұрсұлтан Аманжолов жергі­лікті боксшы Сук Хи Анмен қолғап түйістіріп, қарсыласын сегіз раундқа жоспарланған айқастың үшінші раундында есінен тандырды. Бұл – отандасымыздың кәсіпқой бокстағы бесінші және мерзімінен бұрын аяқтаған төртінші жеңісі.

 

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58