Аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтың туысқаны әкелген сәлем-сауқаттың, атап айтқанда торттың ішіне жасырылған ұялы телефон табылып, тәркіленді. Бастапқыда бүтін секілді көрінген кондитерлік өнім арнайы құрылғы- металлодетектормен тексеру барысында сыр берді.
Торт сыйлық жеткізілген сотталған азаматтың көз алдында туралып, оның ішінен тыйым салынған зат – су жаңа ұялы телефон алынды. Бұл факт бойынша сотталғанды және “тәтті сыйлықты” жеткізген азаматты жауапкершілікке тарту үшін тиісті тексерулер жүргізілетін болады.