30 Желтоқсан, 2020

Павлодар облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев өңірдегі карантиндік шектеу шаралары туралы қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қаулыға сәйкес, өңірде мынадай тыйымдар мен шектеулер енгізіледі:

  • ашық және жабық ғимараттарда ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, отбасылық, ұжымдық, корпоративтік, салтанатты (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру)  іс-шараларын  және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
  • жеке үй-жайлар мен құрылымдарды бұқаралық корпоративтік және басқа шараларды өткізу үшін жалға алуға тыйым салу;
  • ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, қорқор бөлмелері, компьютер клубтары, ойын клубтары, букмекер кеңселер, лото терминалдары бар объектілер, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кино-театрлар, батуттар мен балалар және ересектерге арналған өзге де ойын-сауық орындарықызметіне тыйым салу;
  • кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салу (кезекші топтарға 15 адамнан аспайтын баланы жинап жұмыс істеуге рұқсат етіледі);
  • 30-дан аспайтын адамның қатысуымен өтетін жеке, топтық дайындықты қоспағанда, театрлардың қызметіне тыйым салу;
  • 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы  5 қаңтарға дейін жаңа жылдық  ертеңгіліктер,  мерекелік корпоративтік шаралар ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу;
  • фудкорттардың, банкет залдарының қызметіне тыйым салу;
  • спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына тыйым салу;
  • кеңестерді  (отырыстарды) көзбе-көз  режимінде өткізуге тыйым салу.

 Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Соңғы жаңалықтар