Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2020

Қостанайда термопарк салынып жатыр

1031 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласындағы "Kostanay Plaza" сауда-сауық орталығының ғимараты кеңейтіліп, қосымша жаңа нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Мұнда 5 бассейннен тұратын термопарк, 30-ға жуық монша және сауна түрлері, сондай-ақ фуд-корт салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда термопарк салынып жатыр

Бұл туралы аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жария етті.  
Л

"Бүгін сауда орталығы құрылысының екінші кезеңі бойынша салынып жатқан нысандардықарап шықтым. Термопарк - Қазақстанда баламасы жоқ бірегей нысан.

Р

Біздің облыс Қазақстан туристік картасының ТОП-50 нысанына кіргенін ескерсек, термопарк ашу Қостанай облысының туристік тартымдылығын арттырады және сол арқылы Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Э

Бүгінде "Kostanay Plaza" сауда-сауық орталығы 500 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал термопарк пайдалануға берілген соң, жұмыс орындарының саны 1100-ге дейін артады.

І

Сауда-ойын-сауық орталығы мен кәсіпкерлік субъектілерінің басшылығы Қостанай облысының санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз еткенін атап өткен жөн.

Ц

Өңірдің туристік тартымдылығын жақсарту бойынша жүріп жатқан жұмыстар әлі де жалғасатын болады", - деп жазды А.Мұхамбетов.

Ң



Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37