Хоккей • 06 Наурыз, 2020

Шайбалы хоккей: «Сарыарқа» плей-офф додасын аяқтады

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары хоккей лигасының (ЖХЛ) Петров кубогы жолындағы жарыс Қарағандының «Сарыарқасы» үшін сәтсіз аяқталды.

Шайбалы хоккей: «Сарыарқа» плей-офф додасын аяқтады

Санкт-Петербургтің СКА-Нева клубына қарсы соңғы ойынды жерлестеріміз өз мұз айдынында өткізді. Бұл кездесуде қонақтар екі шайба соқты. Бұл голдардың авторлары – Григорий Ващенко (12 минут) мен Владислав Курбатов (54 минут). Қарағандылықтар бірде-бір рет мергендік таныта алмады. Есеп – 0:2.

Сөйтіп, плей-офф додасының алғашқы айналымында 4:2 есебімен жеңіске жеткен СКА-Нева ширек финалға жолдама алса, «Сарыарқа» үшін биылғы маусым аяқталды.

Естерңізіге сала кетейік, бұған дейін Өскеменнің «Торпедосы» Петров кубогы жолындағы жарыстың алғашқы айналымында Мәскеудің «Звездасына» жол берген еді.  

Соңғы жаңалықтар

Астана қаласының прокуроры ауысты

Тағайындау • Бүгін, 11:35