Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Мевлют Чавушоглумен кездесті.
Негізі 1949 жылы қаланған ЕКПА – кәрі құрлықтың парламентаралық қатынастарындағы ең бір байырғы құрылым. Бүгінде ЕК аясындағы 47 мемлекеттің 636 парламентшілерінің делегациясынан құралатын бұл халықаралық ұйымның штаб-пәтері Францияның Страсбург қаласынан орын тепкен. ЕК-ның Министрлер комитеті мен оның Тұрақты комиссиясының жұмысына қатысты түрлі ұсыныстар мен қарарлар қабылдап, ЕК-ның Бас хатшысы мен орынбасарларын, ЕКПА-ның Бас хатшысын және Адам құқықтары жөніндегі соттарды, Адам құқығы жөніндегі комиссарды сайлайтын бұл халықаралық ұйымның қазіргі төрағасы Мевлют Чавушоглу түрік азаматы болып табылады.
Кездесу барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мевлют Чавушоглуды ЕКПА төрағасы қызметіне сайлануымен құттықтады және осы жоғары және жауапты қызметте табыс тілеп, еліміздің Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясымен ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін атап өтті. Қазақстандық депутаттар Ассамблеяның бюросына ұдайы қатысады, ЕКПА өкілдері Қазақстандағы сайлауға байқаушы болды. Еуропа Кеңесі үнқатысуы аясында Қазақстан Еуропалық мәдениет конвенциясына, Болондағы білім беру үдерісіне, Еуропа Кеңесінің қылмыстық және азаматтық-құқықтық саласындағы алты конвенциясына қосылу жөніндегі жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеді, деген Мемлекет басшысы еуропалық парламентшілердің қызметі, әсіресе, инновациялық даму мәселесіндегі заңнамалық жұмыс тәжірибесі Қазақстан Парламенті үшін пайдалы екеніне тоқталды.
Кездесу барысында ЕКПА төрағасы М.Чавушоглу қазақстандық саяси және экономикалық реформаларға жоғары баға беріп, Еуропа Кеңесі Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі кезеңінде мейлінше көмек көрсететініне сендірді. Сондай-ақ биылғы жылы Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы қазақстандық бастаманы қолдайтынын жеткізді.
– Мен түрік азаматы ретінде Қазақстанды атажұрт деп танимын, осында келген сайын Қазақстанның қандай жетістікке жеткенін, оның астанасы қалай гүлденіп келе жатқанын көремін. Мен үшін, ЕКПА төрағасы үшін – бұл үлкен қуаныш және мақтаныш, – деді М.Чавушоглу Елбасымен кездесуден кейін ұйымдастырылған журналистерге арналған брифингте. Сондай-ақ ол Қазақстандағы діндер арасындағы, мәдениеттер арасындағы үнқатысуларға және осы елде өмір сүретін барлық этностарға жасалып жатқан қолайлы жағдайларға, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына қаныққанын мәлімдеді.
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:37
Олимпиада басталды: Елдегі қысқы ойындардың даму деңгейі қандай?
Олимпиада • Бүгін, 14:10
Қазақстан мен Үндістан бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:50
Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
Банк • Бүгін, 13:00
Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі
Мектеп • Бүгін, 12:55
Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Спорт • Бүгін, 12:49
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Қазақстан • Бүгін, 12:22
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:06
Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 11:48
Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 11:35
Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?
Экология • Бүгін, 11:28
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08