Аймақтар • Бүгін, 12:15

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы көпбейінді аудандық орталық ауруханада салмағы 6015 грамм, ал бойы 63 см болатын алып сәби дүние есігін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Дәрігерлер кеңесінің шешімі бойынша ана кесарь тілігі арқылы босанған. Ота сәтті аяқталып, бүгінде ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде дәрігерлердің бақылауына алынған.

Заңғар, Айбар, Әсел: Алматыда үшем дүниеге келді

Жергілікті жұрт «Қажымұқан атамыздың ізбасары келді» деп сүйіншілеп жатқан осы оқиғамен сәйкес келген жағымды жаңалықты жеткізе кетелік. Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылында 200 орындық перинаталдық орталық құрылысы басталды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров нысанның капсуласын салу рәсімін өткізіп, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

«Бұл медициналық мекеме болашақта Ордабасы, Бәйдібек, Сайрам, Түлкібас аудандары мен Арыс қаласының тұрғындарына қызмет етеді. Осы аймақтардың тұрғындары енді облыс орталығына сабылмай, Темірланда қажетті емді қабылдайды. Өйткені, жаңа перинаталдық орталық жүкті әйелдер мен нәрестелерге жоғары деңгейдегі заманауи медициналық көмек көрсетеді. Бұл – ана мен бала денсаулығын сақтап, демографияны жақсартуға серпін беретін маңызды бастама», деді Нұралхан Көшеров.

8

Перинаталдық орталық ғимаратының жалпы алаңы 34 233,30 шаршы метр болса, құрылыс жүргізілетін жер телімінің жалпы аумағы – 8 гектар.

Атырауда салмағы 5,8 келі болатын алып сәби дүниеге келді

Соңғы жаңалықтар