Саясат • 29 Сәуір, 2019

Елбасы ҚХА-ның жаңа орынбасарларын таныстырды

840 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа орынбасарларын таныстыруымен басталды.

Елбасы ҚХА-ның жаңа орынбасарларын таныстырды

«Өздеріңіз де білесіздер, біз әрбір сессияда ротация тәртібімен, сіздердің келісімдеріңізбен түрлі этно-мәдени бірлестіктердің атынан Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының екі орынбасарын тағайындаймыз. Ассамблея кеңесінің ұсынысымен ҚХА Төрағасының орынбасары қызметіне «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының мәдениетін дамыту Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма мүшесі Юсуп Келигов пен «Дустлик» өзбектердің республикалық қауымдастығының  сарапшысы Шерзод Пулатов Өкіммен тағайындалды», деді Елбасы. 

Соңғы жаңалықтар

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді

Экология • Бүгін, 11:35