Аймақтар • 29 Мамыр, 2018

ШҚО жастары Дубайда өтетін фестивальге жолдама алды

1 мин
оқу үшін

Семей қаласында «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық бірлестігі Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойына арнап «Бақытым, Халқым менің!» атты өнерлі балалар фестивалін ұйымдастырды.

ШҚО жастары Дубайда өтетін фестивальге жолдама алды

Фестивальге «Шығыс» әскери өңірлік қолбасшылығының 10810 әскери бөлімі қызметшілерінің 40 баладан құралған «Әйгерім» би тобы қатысты.

Фестиваль барысында үздік өнер көрсеткені үшін «Әйгерім» би тобы «Ұлттық би» жанры бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Жеңімпаз бүлдіршіндеріміз енді Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында Халықаралық «DUBAI World of Peace» форумында ұйымдастырылатын өнер фестиваліне қатысуға жолдама алды.

Би тобының жетекшісі кіші сержант Әйгерім Омарбекқызы «Мәдениет майталманы» медалімен марапатталды.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:10

Тарихы терең рухани орда

Аймақтар • Бүгін, 09:05

«Ацтека». Доп. Дүбір!..

Футбол • Бүгін, 09:00

Рыбакина орнын сақтап қалды

Теннис • Бүгін, 08:58

Құрыш құйған қаланың мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 08:52

Аспантаудағы ауқымды істер

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Асфендияровтың ұрпағы

Зерде • Бүгін, 08:43

Бір мақсат, бір мүдде

Қоғам • Бүгін, 08:40