Қазақстан • 30 Тамыз, 2017

Қазақстан Конс­титуциясы - жемісті мем­лекеттік стратегияның негізі - Қайрат Мәми

370 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Біздің ел үшін 1995 жылы қабыл­дан­ған Конституцияның маңызы өте зор. Себебі, ол Қазақ жерінде еге­мен елдің құрылғанын айқындап бе­р­ді. Жаңа перспективаларды аш­ты, қоғамның үдемелі дамуы үшін айрықша саяси және құқық­тық мүмкіндіктерді жасады. 

Қазақстан Конс­титуциясы - жемісті мем­лекеттік стратегияның негізі - Қайрат Мәми

Еліміз өзі­нің ширек ғасырлық іргелі мемле­кет ретінде дамуы кезеңінде қоғам­дық қа­тынастардың барлық саласын­да да жаңа табыстарға жетті. Барлық жетістіктер Мемлекет бас­шы­сы­­ның жан-жақты, сындарлы әрі нақ­ты стратегиясының, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық да­му­дың берік конституциялық не­гіз­дерінің арқасында мүмкін болды. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Конс­титуциясы еліміздің жемісті мем­лекеттік стратегияның саяси құ­қық­тық, дүниетанымдық және идео­ло­гиялық негізі болып табылады. 

Ата Заң – мемлекет пен жеке адам­ның бостандығы және өзара жау­апкершілік қағидаттарына кепіл­дік беретін аса маңызды құрал. Қазақстандық даму стратегиясының жоғары конституциялық деңгейі оның барлық мемлекеттік құқықтық инс­ти­туттарының тиімді жұмыс істеуінің ке­пілі. Конституцияда қазақстандық қо­ғамның дүние­танымдық даму бағ­дар­лары айқын­далған. Ата Заңның идеяларын, принциптері мен норма­ларын толық және дәйекті іске асыру – Қазақстанды құқықтық тұр­ғы­дан дамытудың басты мақсаты. Конс­титуция өзгерілмейтін құқықтық құ­жат емес. Ол өмір заңдылықтарына икем­делген бағдарлама және құқықтық қолдау негізі. Сондықтан Қазақ­­станның конституциялық дамуы ахуалдың өзгеруін және қоғам­ның қа­жеттілігін ескере отырып, одан әрі жалғасуда. 

Биылғы жылы конституциялық реформаға сәйкес, Президент, Пар­ла­мент пен Үкімет арасында билік өкі­леттіктерін және мем­лекеттік би­лікті бөлу жұмыстары жүзеге асырылғаны бел­гілі. Мемлекет бас­шы­сының құ­қық­­тық өкілеттілігі нақ­тыланып, оның бірқатар функция-лары Үкіметке бе­­рілді. Үкіметтің Парламентке есеп бе­руі және оның бақылауында болу те­тігі күшейтілді. Жоғарғы соттың сот жүйесіндегі функцияларын және су­д­ья болуға үміткерлерге қойылған та­лаптарды белгілеудің заңнамалық деңгейін анықтайтын нақтылаулар және түзетулер енгізілді. Жалпы, сот жүйе­сі Қазақстанның дамуына өз үле­сін үнемі қосып келеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: ХХІ ғасырда ұлттың дамуындағы маңызды критерий – ол мінсіз және тиімді сот жүйе­сі, тәуелсіз және әділ сот кез кел­ген мемлекеттің қызметтік діңгегі. Он­сыз әлемнің бірде-бір елінде, тіпті ең дамыған мемлекеттердің өзінде де қо­лай­лы инвестициялық ахуалдың, аза­маттардың әл-ауқатының жоғары дең­гейінің болуы, қоғамның табысты түрде дамуының орын алуы мүмкін емес – деген болатын. 

Жекелеген елдердің біздегі конс­ти­туциялық реформаға қызығу­шы­лық танытып отырғанын атап өту керек. Бұл, әсіресе, қазіргі заманғы мем­лекеттердің саяси құқықтық және әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындау кезеңінде өте маңызды. 

Қайрат МӘМИ,
Жоғарғы сот төрағасы

Соңғы жаңалықтар