Аймақтар • 28 Тамыз, 2017

Петропавлда «Парасатты полицей» республикалық конкурсы қорытындыланды

370 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оның салтанатты жабылу рәсіміне Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов пен облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, жеңімпаздарды құттықтады. Дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында өткізілген дәстүрлі YІІІ республикалық «Парасатты полицей» байқауы қорытындыланды.

Петропавлда «Парасатты полицей» республикалық конкурсы қорытындыланды

Ішкі істер министрілігінің бастамасымен Қазақстан полициясының 25 жылдығына  арналған іс-шараның  мақсаты ішкі істер органдарында тіл саясатын насихаттау, полицейлерді отансүйгіштікке тәрбиелеу, қызметте және күнделікті тұрмыста мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және полицей мамандығының беделін арттыруды болды. Конкурсқа  Қазақстанның барлық облыстарынан және  үш жоғары оқу орындарынан  келген 19 команда өзара күш сынасты. Үш кезеңнене құралған байқау барысында  қатысушыларға  актерлік шеберліктерін, өнерлерін, білімдерін және мемлекеттік тілде өз ойларын жеткізу талаптары қойылды.  Бірінші кезеңде  әр команда өздерін таныстырып,  қызметте мемлекеттік тілдің қолданылуын  қойылымдар  арқылы көрсетті.  Екінші кезеңде  Отанды, елді, жерді сүюге деген сүйіспеншілікті тудыратын партриоттық және авторлық әндер шырқалды. Ақтық  сында команда капитандары  заңнамалар, еліміздің тарихи құндылықтары, салт-дәстүрлері бойынша білім жарыстырды.

Байқаудың  қорытындысында Ақтөбе  ОІІД-нің «Серт береміз» командасы  бірінші орынға лайық деп танылды.  Екінші орынды «Көкше сақшылары» /Ақмола облысы/ мен «Тараз қырандары» /Жамбыл облысы/  иеленді. Үшінші орынды  «Сарыарқа сақшылары» /Павлодар облысы/, «Каспий»  /Маңғыстау облысы/ және Қостанай академиясының «Қабылбаев ұрпақтары» командалары  бөлісті .

«Көрермен көзайымы», «Өнерлі команда», «Тілегі мен тілі бір»,  «Актерлік шеберлігі үшін», «Үздік капитан» аталымдары бойынша  жеңімпаздар анықталды. Сонымен бірге облыстық және көліктегі ІІД-тері  арасында ұйымдастырылған  үздік бейнеролик байқауы қорытындысында  бірінші  дәрежелі дипломмен Маңғыстау  ОІІД марапатталды.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы.

 

                                                

Соңғы жаңалықтар