Қазақстан • 28 Тамыз, 2017

Алматыда «БЖЗҚ» мамандары брифинг өткізді

301 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Басқасуда 2017 жылдың тамызына дейінгі қордың негізгі көрсеткіштеріне шолу жасалып, алдағы жоспарлар талқыланды.

Алматыда «БЖЗҚ» мамандары брифинг өткізді

Қор мамандары мәлімдеген ақпартқа сүйенсек ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,27 трлн теңге. Жыл басынан бергі өсім 588 млрд теңгені құраған. Шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 10,09 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен 9,62 млн бірлікке тең. Ал, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына сәйкес салымшылардың ЖЗШ саны 430,3 мың бірлік болса, ерікті зейнетақы жарналары бойынша 39,83 мың бірлікті құраған. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсетудің  жаңа үлгілері қалыптасып, өз нәтижесін бере бастаған.

– Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әрбір салымшы мен алушының қамын ойлайды. Сондықтан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және ақпарат берудің қосымша ыңғайлы арналарын жасауға ұмтылады. Салымшылар мен алушыларға көшпелі қызмет көрсету бойынша «Мобильдік агент» жобасы– Қор мен салымшылар арасында тиімді қарым-қатынас орнатудың қосымша тәсіліне айналғандығын айта кеткен жөн. Осы жоба аясында Қазақстанның барлық өңірінде БЖЗҚ қызметкерлерінен көшпелі топтар құрылған. Қор  қызметкерлері ақыл-кеңес беру үшін салымшыларға ыңғайлы уақыт және кездесу орнын тағайындайды. БЖЗҚ дерекқорына енгізу және қызмет көрсету үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті құжаттарды жинап Қорға жеткізуге көмектеседі. Одан басқа БЖЗҚ мобильді тобы таныстырылымдар өткізу, зейнетақы заңнамасы және отандық зейнетақы жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіру үшін әр түрлі кәсіпорындар мен ұйымдарға барып тұрады. Әр барған жерлерінде зейнетақы қызметтерінің барлық талаптарына сай қызмет көрсетеді. Олардың редакциядағы өтінішті ұсыну, ақпарат беру тәсілі туралы келісім жасау және ЖЗШ-дан үшінді-көшірме беру сияқты қызметтері бар – дейді Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атқарушы директоры Маулен Утегулов. Маман тілге тиек еткен мобильдік агенттер жыл басынан бері 4 мыңнан астам көшпелі шара өткізіп, осы шаралар барысында 113,2 мың операция жасаған. Қолымызға тиген ақпарат бойынша 7 120 мүмкіндігі шектеулі азаматқа қолдау білдіріліп, оларға төлемдер мен аударымдарды рәсімдеу, зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді-көшірме беру, деректемелерді және ақпарат беру тәсілін өзгерту бойынша 19,5 мың қызмет көрсетілген.

Тағы да бір айта кетерлігі жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерін шоғырландыру нәтижесінде «БЖЗҚ» АҚ портфеліне облигацияларының атаулы құны бойынша 161,45 млрд теңгеге 32 эмитенттің проблемалық қаржы құралдары өткізілген. Облигациялардың атаулы құнына сәйкес берешектердің жалпы сомасы 2014 жылдан бері 161,45 млрд теңгеден 36,45 млрд теңгеге азайған. Ал проблемалық эмитенттердің саны 32-ден 19 компанияға қысқарған. Қор өкілдерінің айтуынша екі компания бойынша берешек толығымен өтелген. Төрт компания бойынша банкротқа ұшырау және таратылу рәсімінің аяқталуына байланысты  қаржы құралдары есептен шығарылды. Ал, жеті компания бойынша берешек қайта құрылымдалған.

 – Эмитенттердің көпшілігі дефолтқа 2006-2010 жылдар аралығында жол берген. 2016 жылы атаулы құны бойынша берешек сомасы 4,1 млрд теңгеге 2 эмитенттің дефолты тіркелді. Олар: «Имсталькон» АҚ мен SAMARCO Mineracao S.A бразилиялық  компаниясы. 2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы Қоры дефолтқа жол берген 21 эмитентке қатысты атаулы құны бойынша 40,5 млрд теңге болатын берешекті қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл эмитенттердің қаржы құралдары зейнетақы активтерінің құрамына кіреді – дейді БЖЗҚ Заң департаментінің бас маманы Ақмарал Мухамедова.

Қор тарапынан проблемалық активтер бойынша мүмкін болатын шығындарға қарсы арнайы провизия құрылған. Атап өтерлік жайт, берешектерді азаматтық тәртіпте өндіріп алу тәсілдері таусылған  жағдайларда, Қор проблемалық эмитенттердің қызметін және  олардың лауазымды тұлғаларының компанияны төлем қабілетсіздігіне жеткізгендіктерін тексеруді жүзеге асыру үшін тиісті өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгіну туралы шешім қабылдаған. Зейнетақы Қоры тарапынан 16 эмитент бойынша прокуратура органдарына және аумақтық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық зерттеу қызметіне арыз жолданған көрінеді. Мамандар  БЖЗҚ зейнетақы активтеріне Қазақстан Республикасы аумағында ғана емес, оның шегінен тыс жерлерде де залал келтірген тұлғаларға қатысты сот шешімдерінің шығарылуына күш салынатынын баса айтты.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар